Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты жиын өтті

366

0

Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты жиын өттіБүгін  Отан қорғаушылар мерекесіне орай аудан орталығындағы «Құрметті азаматтар» аллеясында салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға әскер қатарына шақырылған жас сарбаздар, олардың ата-аналары, еңбек ардагерлері, үкіметтік емес ұйым төрағалары, Чернобыль апатының ардагерлері, аудандық мәслихат депутаттары, кент тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Салтанатты шара театрландырылған қойылыммен басталды.

Аудан әкімі Ғ.Қазантаев жиналғандарды «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» және Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерекесімен құттықтап, жас сарбаздарға сәттілік тіледі.

Әскерге шақырылған жас сарбаздардың ата-аналарының атынан, «Алтын алқа» иесі Айтгүл Қалмағанбетова сөз сөйлеп, жүрекжарды лебізін білдірді. Өз кезегінде еңбек ардагері, «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» Р.Бәйменов бата берді.

Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты жиын өтті Іс-шарада аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндер айтып, жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<