Пандустарды тексермек болған әкім арбадан құлап түсті (видео)

619

0

Facebook әлеуметтік желісінде жол мен пандустардың сапасын тексеру үшін әкімнің мүгедектер арбасына отырған видеосы пайда болды.

Алайда, қала басшысы сынап көрген бірінші пандустың өзінен өте алмай, құлап түсті. Тротуардан жолға да түсе алмады.

Видеосын жариялаған әлеуметтік желі қолданушысы Талдықорғанда әкім мен қоғамдық бірлестік мердігері мүгедектер арбасына отырып көргенін, мұнымен басқа әкімдерге жақсы үлгі көрсеткендерін жазыпты. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<