Партия алаңында заңгерлік кеңестер берілді

361

0

«AMANAT» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде заңгерлік көмек бағытында тақырыптық қабылдау өткізілді.

Қабылдауды облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Оразгелді Ұзақбай Оразгелдіұлы,Түркістан-Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң палатасының заңгер-консультанты Қайырбекова Балжан Қожабекқызы және Қызылорда облыстық өңірлік сот орындаушылар палатасының жеке сот орындаушысы Медешов Ерболат Нұрланұлы жүргізіп, қала тұрғындарына заңгерлік, құқықтық көмектер көрсетті.

Тақырыптық қабылауда алимент өндіру, несие тарихын реттеуге ықпал жасау, еңбек шарты бойынша өтемақы алу, жеке сот орындаушылардың әрекетсіздіктері және т.б мәселелер төңірегінде болды.

Тұрғындар тарапынан түскен талап-тілектер бойынша заң өкілдері түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қолданыстағы заңнамалар аясында кеңестер берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<