Пробация есебіндегі азаматтар қайтарымсыз гранттың көмегімен кәсіптерін ашып жатыр

299

0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің аудандық, қалалық пробация қызметтеріндегі пробациялық бақылау белгіленген азаматтар жеке кәсіп ашып, кәсіптерін дөңгелетіп отыр.

Солардың бірі Сырдария аудандық пробация есебіндегі 29 жастағы Самат есімді сотталған. Ол Ұрлық бабымен 2 жыл шектеу жазасына сотталып, оған пробациялық бақылау белгіленген. 2022 жылдың мамыр айында пробация есебіне алынған Самат жеке кәсіп ашсам деген ниетпен пробация қызметкерлерінен көмек сұрайды. Пробация қызметкерлері құқықтық көмек көрсетіп, нәтижесінде 2023 жылдың сәуір айында «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негізінде Атамекен кәсіпкерлік палатасында оқытылып, мал шаруашылығын дамыту бойынша бизнес жобасын дайындап, 1млн 380мың теңге көлемінде мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант ұтып алды. Қазіргі таңда ол мал басын көбейту жұмыстарымен айналысып жатыр.

Жеке кәсібімді ашу көптен арманым еді. Сол арманым жүзеге асып, бүгінде отбасымды табыспен қамтамасыз ету мүмкіндігін алдым. Алдағы уақытта мал басын көбейтіп, кәсібімді кеңейтуді жоспарлап отырмын. Мемлекет тарапынан біз секілді азаматтарға көрсетіліп жатқан осындай қолдауларға өз ризашылығымды білдіремін, – дейді сотталған азамат.

Жалпы пробациялық бақылау белгіленген сотталғандарды тіркелген күннен бастап зерделеу жұмыстарын жүргіземіз. Жұмыссыз болса жұмысқа орналастыруға, жеке кәсіп ашқысы келетіндерге құқықтық көмек беріп құжаттарын жинақтауға көмектесеміз. Түрлі мәдени –спорттық шараларға қатыстырып, облыстағы мұражайларға, кітапханаларда өтетін шараларға жиі қатыстырамыз. Жеке кәсіппен айналысуға ұмтылғандардың қатары артып келе жатқандығы бізді де қуантады, – деді Сырдария аудандық пробация қызметінің инспекторы Е.Шанжаров.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<