Қазақстанда нан бағасы қымбаттап барады

324

0

Қазақстанда нан бағасы биыл 19%-ға өскен деп хабарлады turkystan.kz.

«Қара бидай нанының бағасы 24,7%-ға, жоғары сұрыпты ұннан жасалған бидай наны 28,2%-ға, бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай наны 14,4%-ға, кесілген нан бағасы 28,1%-ға өсті»,- делінген Energyprom таратқан хабарламада.

Сарапшылардың пікірінше, нан елдің барлық аймақтарында қымбаттаған. Соның ішінде Ұлытау облысында нан бағасы бірден 48,3%-ға, Ақмола облысында 27,6%-ға, Алматыда 25,8%-ға өсті.

Energyprom зерттеушілерінің айтуынша, қала тұрғындары ауыл тұрғындарына қарағанда бидай нанын аз тұтынады: 7,2 кг және 7,8 кг.

«Осы жылдың қаңтар-тамыз айларында жаңа піскен нан өндірісі 342,4 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3%-ға аз. Сектордағы шығарылымның төрттен бір бөлігі Түркістан облысына тиесілі болды. Топ-3 өңірде Алматы мен Ақтөбе облысы да болды», – деп жазылған ақпаратта.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<