Қазақстанда жылу беру маусымы қашан басталады: өңірлер бойынша кесте жарияланды

353

0

Сурет: pixabay

Қазақстанның бірнеше облысында жылыту маусымы ресми түрде басталды. Жылу бірінші кезекте әлеуметтік нысандарға, содан кейін ғана тұрғын үйлерге беріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жылыту маусымы Қазақстанның бірқатар өңірінде басталып кетті:

Астана қаласында;

Ақмола облысы;

Шығыс Қазақстан облысы;

Қарағанды облысы;

Павлодар облысы;

Қостанай облысы;

Солтүстік Қазақстан облыстары.

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында 24 әлеуметтік нысанның 23 немесе 96% – ы қосылған. Тұрғын үйлерге ыстық су берілді. Павлодар облысының Екібастұз қаласы бойынша 90 әлеуметтік нысанның 26 немесе 28,8% – ы қосылған. Астана қаласында 240 әлеуметтік нысанның 86 немесе 35,8% – ы қосылған.

Министрлік қалған өңірлерде жылу қашан қосылатынын айтты:

3 қазанда Алматы облысында;

10 қазанда Ұлытау облысында;

15 қазанда Алматы, Абай облысында, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында.

Жылыту маусымын Шымкентте 20 қазаннан, Түркістан облысында 25 қазаннан бастау жоспарлануда.

Кентауда жылу беру маусымы тек 25 қазанда басталады: ЖЭО әлі дайын емес.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<