Қазақстандықтар үлкен қоқысты полигонға өз бетінше шығаруға міндеттелмек

448

0

Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда жеке және заңды тұлғалар үлкен көлемдегі қоқыстарды полигондарға өз бетінше шығаруға міндеттелуі мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрінің тиісті бұйрығында жазылған.

«Бүгінгі таңда заңды және жеке тұлғалар контейнерлер мен контейнерлік алаңдардың маңына үлкен көлемдегі қоқыстарды (жиһаз, сантехника, құрылыс материалдары) жиі тастайды. Оларды қоқыс таситын көлікке тиеу мүмкін емес, мысалы, шкаф немесе диванды. Осыған байланысты мұндай қалдықтардың иелері оларды қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына өздері шығаруы керек. Тиісті норма ережеге қосылады», – делінген жаңа редакцияда.

Қоса кетсек, бұған дейін Қазақстанда жыл сайын қордаланатын 2 млн тонна қатты тұрмыстық қалдықты биогаз өндіру үшін пайдалануға болатынын жазып едік.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<