Қазақстандықтарды қарлы демалыс күндері күтіп тұр

409

0

Сурет: Zakon.kz

Синоптиктер Қазақстанда 2024 жылдың 27-29 қаңтарына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Синоптиктердің болжауынша, қар жауады.

«Солтүстік және шығыс облыстарда бұрқасын болады, оңтүстік өңірлерде бұрқасын, жаңбыр түрінде жауын-шашын болады», – деді синоптиктер.

29 қаңтарда оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жауын-шашын, көктайғақ, тұман күтіледі.

Демалыс күндері температура фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<