Қазақстанның қай өңірінде егіздер көп дүниеге келген

392

0

Сурет: unsplash

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы елімізде егіз бен үшемнің дүниеге келуіне қатысты статистика мәліметтерін бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпаратқа сәйкес, 2022 жылы 8 268 егіз, 151 үшем дүниеге келген.

«Туған егіз саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр – 1185 егіз. Одан кейін Алматы қаласы және Алматы облысы, сәйкесінше, 782 және 756 егіз», – делінген Ұлттық статистика бюросы берген ақпаратта.

Үшемнің дүниеге келуі бойынша алғашқы үштікті Түркістан облысы (24 үшем), Алматы (21) және Астана (18) бастап тұр.

«Өткен жылы төртем дүниеге келген жоқ», – дейді Ұлттық статистика бюросы. Жалпы 2022 жылы туғандар саны – 1403,9 мың адам.

«Жоғары туу көрсеткіші Маңғыстауда (1000 тұрғынға шаққанда 28,53 адам), Түркістан (27,67) облысы мен Шымкент қаласында (27,13) байқалды. Туу бойынша негізгі үлес 30-34 жас аралығындағы (28,6%) және 25-29 жас аралығындағы әйелдерге тиесілі (28,1%)», – делінген Ұлттық статистика бюросы ұсынған ақпаратта.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<