Құрылыс жұмыстары қарқынды

463

0

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов Қазалы ауданына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар құрылыс нысандарын аралады.

Қазалы ауданында Мархабат Жайымбетұлы аялдаған алғашқы нысан Әйтеке би кентіндегі автоматтандырылған электронды емтихан алаңы болды.

Қазіргі таңда электронды емтихан алаңының құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Мердігер мекеме «Болашақ» ЖШС тиісті жұмыстарды жақын күндері аяқтайды. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң бұл жерден қазалылықтармен қатар, көршілес Арал және Қармақшы ауданының тұрғындары жүргізуші куәліктерін алатын болады.

Мұнан соң Жалаңтөс батыр, Қ.Пірімов және Басықара ауылдарына арнайы барып, газдандыру жұмыстарының барысымен танысты.

Бүгінгі күні 3 елді мекенді көгілдір отынға қосу жұмыстары аяқталуға таяу қалды. Мердігер мекеме жоғарғы ауа қысымымен тексеріп сынау, үрлеп-тазалау жұмыстарын жүргізуде. Бұл жұмыстар аяқталған соң жүргізілген газ құбырлары «Қаз Транс Газ Аймақ» АҚ теңгеріміне беріліп, елді мекен тұрғындары табиғи газдың игілігін көретін болады.

Қазалы ауданында елдің игілігіне берілетін тағы бір нысанның қатарында Қазалы қаласындағы балабақша ғимараты да бар. Бұл нысан 140 бүлдіршінге арнап салынған. Заманауи талаптарға сай салынған ғимаратқа «Өрімтал» балабақшасының бүлдіршіндері қоныс аударатын болады.

Облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов ауданға сапары кезінде Қазалы қаласы мен Әйтеке би кенті аралығындағы жолды кеңейту, Басықара каналына салынып жатқан көпір, аудан орталығындағы 250 орындық мектеп пен 6 көпқабатты тұрғын үйлердің аумағын абаттандыру жұмыстарын да бақылап, атқарылуы тиіс істер белгіленген кестеден кешуілдеп жатқанын сынға алды.

Тиісті сала басшылары мен мердігер мекеменің жауапты қызметкерлеріне құрылыс жұмыстарын тез арада сапалы аяқтауды тапсырды.

Сондай-ақ, теміржол вокзалына да арнайы барып, тазалығы мен жұмыс тәртібін қадағалады. Теміржол вокзалы ауданның айнасы саналатындыктан мұнда тазалық мәселесі бiрiншi орында болуы қажеттігін тапсырды.

Облыс әкімі орынбасарының Қазалыға іссапары кезінде аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен бірқатар басқарма басшылары бірге жүріп, аралау барысында туындаған сұрақтарға жауап берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<