Қызылордада 2 оқушыға азғындық жасамақ болған мұғалім тергелуде

809

0

Фото: ашық дереккөз

Қызылордада қала мектептерінің бірінде кәмелетке толмаған оқушыға азғындық жасалған. Бұл жөнінде бала құқықтары жөніндегі уәкіл Жапырақ Ұзақбаева әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, желтоқсан айының 6-сы күні 102 арнасына Қызылорда қаласының тұрғыны тарапынан кәмелетке толмаған 2 оқушысын Қызылорда қаласының білім бөліміне қарасты мектебінің пән мұғалімі тарапынан оқушыға сексуалдық сипаттағы азғындық әрекет жасағаны туралы арыз түскен.

– Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 124 бабымен сотқа дейінгі тергеп тексерудің біріңғай тізіліміне тіркеліп, жұмыстар жүргізілуде. Осы орайда, бала құқығының қорғалуы бақылауда екенін назарларыңызға жеткіземін, – делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<