ҰРПАҚҚА ҮЛГІ ЕСІМДЕР

168

0

Бүгін төтенше жағдай кезінде қаза тапқандар ескерткіші маңында 2008 жылы 28 ақпан күні МИ-8 тікұшағы апатының 10 жыл толуына орай еске алу шарасы өтті. Жиылған қауым қаза тапқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алып, рухына құран бағыштады. Еске алу жиынының алғашқы сөзін аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов алып, патриоттық тәрбиенің биік үлгісіндей болған азаматтарымыздың жарқын бейнелері жадымызда мәңгілік сақталып, есімдері әрдайым құрметпен аталатынын жеткізді.
Сондай-ақ, шарада Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі О.Бержанов, Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Ботабаев, құрбан болған азаматтардың туысқандары сөз алып, аудан әкімдігіне алғыстарын жеткізді. Шара соңында «Ұрпаққа үлгі есімдер» ескерткіш-белгісіне гүл шоқтары қойылып, ас берілді.