Шымкенттіктер Төреғали Төреәліге ақбозат мінгізді

372

0

Шымкентте концертін өткізген Төреғали Төреәліге жергілікті тұрғындар ақбозат мінгізді деп хабарлайды NUR.KZ. Бұл жайында әншінің өзі Instagram парақшасында жариялады.

«Айналайын Шымкентім-ай, десеңші! Ақбозат мінгізіп жатқан, мақтадай әппақ көңілдеріңізден айналайын. Мамыражай мамыр айы құтты, берекелі болсын, ағайын», – деп жазды Төреғали Төреәлі.

Ал желі қолданушылары «Көкірегің әлі көкте тұр ғой», «Бұрынғы қадірің-ай, қайта келмейді», «Ендігіңнің бәрі жасанды» деп сынап тастады.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын белгісіз әйел әншінің афишаларын жыртып тастаған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<