Синоптиктер күннің жылынуына байланысты дабылды ескерту жариялады

80

0

«Қазгидромет» РМК күннің жылынып, жауын-шашын жаууына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде өзендер тасуы мүмкін екенін ескертеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

7-8 сәуірде Ақтөбе, Батыс-Қазақстан, Қостанай облыстарында ауа температурасының жоғарылауы және жауын-шашын болжамына байланысты қар тез еріп, жергілікті ағынның қалыптасуына, су деңгейінің көтерілуіне және судың өзен жайылмасына шығуы мүмкін екені болжанған.

7-8 сәуірде Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында да да күн жылынып, қар жылдам ерігендіктен, жергілікті ағынның қалыптасуына, су деңгейінің көтерілуіне және судың өзен жайылмасына шығуына әсер етуі ықтимал.

Сондай-ақ, 7-8 сәуірде Шығыс Қазақстан облыстарында жылы ауа температурасының сақталуы мен жауын-шашын болжамына байланысты мұз кептелістері, су деңгейлерінің көтерілуі, судың жайылуы болжанған.

7-8 сәуірде Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында жаңбыр жауатынына байланысты су деңгейлері көтерілуі және жайылмалық аудандарды су басуы мүмкін.