«Сыр бойы сұрапыл соғыс жылдарында» атты фотокөрме өтті

302

0

Бүгін «Ақмешіт» музей филиалында Жеңіс күніне орай «Сыр бойы сұрапыл соғыс жылдарында» атты  фотокөрме ұйымдастырылды. 

Көрмені Абай атындағы  №138 мектеп оқушылары,  ұстаздар,  қала тұрғындары тамашалады. Аталған шараның мақсаты Ұлы  Отан соғысы жылдарында елі үшін жанын қиған жауынгерлерді ұмытпай, олардың отансүйгіш қасиеттерін бүгінгі ұрпаққа үлгі ету. Қонақтар фотокөрмемен қатар музей залдарына  жүргізілген экскурсия барысында қаламыздың 200 жылдық тарихымен де таныс болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<