Сырдарияда Ұлы Отан соғысының 3 ардагері бар

275

0

Бүгінде Сырдария ауданында Ұлы Отан соғысына қатысып, елге жеңіспен оралған және өңірдің өсіп-өркендеуі жолында жемісті еңбек еткен көзі тірі үш майдангер бар.
Олар Яхия Тасыров, Маханбет Бержанов және Дәуітбай Сақтағанов.
Сырдариялық соғыс және еңбек ардагерлерінің барлығы бүгінде аудан орталығы Тереңөзек кентінде тұрады. Майдангерлерге «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» атағы берілген. Елге жеңіспен оралған қаһармандар ауданда ұйымдастырылатын іс-шаралардың құрметті қонағы болып, халыққа ақ баталарын беріп келеді.
Жеңістің 73 жылдық мерекесіне орай Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне 192 400 теңгеден (80 АЕК) мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<