Тағы бір мерекелік күн пайда болады

400

0

Қазақстанда тағы бір мерекелік күн пайда болады ҚР ИИДМ Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндер тізіміне толықтырулар дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сонымен, мерекелік күндер тізімінде жаңа кәсіби мереке пайда болады: 16 сәуір – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері күні.

Түсіндірме жазбада айтылғандай, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТКШ) саласының қызметкерлері тәулік бойы ел халқын жылумен, электр энергиясымен, сумен қамтамасыз етеді, көшелердің тазалығын қадағалайды, сондай-ақ елдің тұрғын үй қорын басқарады, осылайша азаматтардың қолайлы және жайлы өмір сүруіне жағдай жасайды.

ТКШ қызметкерлері күні КСРО-да 1966 жылдан бастап шілденің төртінші жексенбісінде аталып өтті және ТМД-ның көптеген елдерінде, соның ішінде Ресей, Беларусь, Украина, Өзбекстанда сақталды.

ИИДМ хабарлағандай, бұл мерекені енгізу аталған салаға жоғары білікті жас мамандар мен инженерлердің келуіне, сондай-ақ ТКШ қызметкерлері кәсібінің беделін арттыруға ықпал етеді.

Қаулы жобасы 2 тамызға дейін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<