ТАЛСУАТ АУЫЛЫНДА МҰРАЖАЙ АШЫЛДЫ

249

0

Екі мыңға жуық отбасы қоныстанған Талсуат ауылы Қызылорданың іргесінде орналасқан. Дария жағасындағы елді мекеннің тарихы терең. Алғаш рет мұнда  1853 жылы жер аударылып келген орыс отбасылары қоныстанған. Олар бау-бақша өсіріп, мал ұстап, тұрақтағаннан кейін ауылдың ауқымы кеңейіп, халық саны артты.  Ауыл мектебіндегі мұражайға  жинақталған жәдігерлер өткен мен бүгіннен сыр шертіп, ел тарихынан, халық қамын ойлаған абзал азаматтардың өмір дерегінен хабар береді. Сол азаматтардың есімін ұлықтау  және  өскелең ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында «Дария жағасындағы жаңарған ауыл» атты кітаптың да тұсауы кесілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<