Төрт облыста ескерту жарияланды

251

0

«Қазгидромет» РМК Қазақстанның бірқатар өңірлеріне ауа райына байланысты ескерту жариялады.

17 наурыз күні Алматы, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын болып, ауа райы бірқалыпты болады. Соның салдарынан жазық аумақтарда еріген қар суы жиналып, су деңгейі көтерілуі мүмкін.

Сондай-ақ, Қызылорда облысында 17 наурызда ауа температурасы бірқалыпты болып, өзен аңғарлары қысылады және су деңгейі көтеріліп, жайылма жерлерді су алуы ықтимал.

Дереккөз: kazinform.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<