Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

279

0

Әртүрлі сипатта кездесетін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен Жаңақорған аудандық №10 Өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 27 сәуір күні Жаңақорған кентінде орналасқан С. Сапарбеков атындағы №125 жалпы орта мектебінің ауласында Жаңақорған кентінің №163, №110 және №125 мектептердің жоғарғы сынып оқушыларына «Өрт қауіпсіздігі» және «Судағы қауіпсіздік» тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтының күндізгі оқу бөліміне үміткерлерді жинақтау мақсатында да қосымша түсіндіріп өтті.
Түсіндіру жұмыстарына барлығы 71 оқушы мен 5 мұғалім қамтылды.

Жаңақорған ауданы ТЖБ 

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<