Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

484

0

Көрнекі ақпараттарда «Тіл туралы» Заң талаптарының сақтау жөнінен кәсіпкерлік нысан иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 23-24 мамыр күндері басқарманың және «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» ҚБ облыстық филиалы мен Қызылорда қалалық мәдениет және спорт бөлімі қызметкерлерінен құрылған ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Қызылорда қаласында орналасқан ірі қоғамдық орындарда атап айтқанда, «Small» сауда орталығы, «KREZ» қонақ үйі, «Sulpak», «Технодом», «EVRIKA», «Мечта» сауда үйлері, «Фармаком» дәріханасы, «Жібек жолы» сауда үйі, «Радуга» дүкені, «Loft» мейрамханасына «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының «Деректемелер мен көрнекі ақпарат тілі» атты 21-бабы талаптарын сақтау қажеттігі жөнінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Түсіндіру барысында кәсіпкерлік субъектілерінің маңдайшаларын, хабарландыруларын, жарнамаларын, сондай-ақ баға көрсеткiштерiн, ас мәзірлерін және басқа да көрнекi ақпараттарын міндетті түрде мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда ғана орыс немесе басқа тілдерде жазу, сондай-ақ деректемелер мен көрнекі ақпараттың мәтіндерін орфография нормаларына және мәтіннің теңтүпнұсқалы аудармасын сақтай отырып жазу жөнінен айтылды.

Заңға сәйкес алдағы уақытта көрнекі ақпаратты қазақ тілінде қатесіз жазуға, мәтіндерді аударған кезде мағыналық жағынан сәйкес келуін қатаң ескеру керектігі түсіндірілді.

Түсіндіру барысында кәсіпкерлік нысан иелеріне Заңнан үзінділер, анықтама алу және сұрақтар бойынша байланыс телефондары мен әдістемелік көмектер көрсету үшін электронды пошта жазылған таратпа материалдар берілді.

Сондай-ақ қажеттілігіне қарай, сауда ұйымдарының қызметкерлеріне тегін қысқа мерзімді мемлекеттік тілді оқыту курстары, семинар-тренингтер ұйымдастырылатындығы және жарнама мәтіндерін аударуға әдістемелік көмектер көрсетілетіндігі айтылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<