Ұлттық ойындардан сайыс өтті

679

0

Бүгін Қайырымдылық керуені апталығы аясында Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен ерекше жандар арасында ұлттық ойындардан сайыс  өтті.

Қалалық жастар ресурстық орталығының алаңына жиналған сайыскерлерге «Қоғамдық келісім» мекемесі директорының орынбасары Айбек Дайрабай, «BIALI» спорт дүкенінің басшысы Асхат Шәукенбаев, облыстық волонтерлар фронт-офисінің жетекшісі Болатбек Айтбенбетов сәттілік тіледі.

 Қатысушылар командалық топқа бөлініп, гір тасын көтеру, арқан тартыс, садақ ату, асық ату, қол күресі, теңге ілу секілді ұлттық ойын түрлерінен  бақ сынасты.

Қатысушылардың жас ерекшелігіне шектеу қойылмады.  Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен дипломдар берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<