Қызылорда облысының мамандары Арысқа аттанды

220

0

 Арыста болған төтенше жағдайдан кейінгі дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу үшін арнайы штаб құрылды. 

Штаб құрамында Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы Ю.П. Хегай да бар. Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарынан арнайы жөнелтілген мамандармен ауа, су сынамалары алынып, штабтағы жылжымалы лабораториялар арқылы қала аумағында және сыртында зерттеулер, тұрғын және қоғамдық ғимараттар залалдарына сараптама, ауыз су құбырларының дезинфекциясы және жуып-шаю жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін 234 үй қарап-тексерілген. Сараптама-зерттеу, зерделеу жұмыстары әлі де жалғасуда.

Қызылорда облысының 

тауарлар мен көрсетілетін қызметтер 

сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<