Жаяу жүргіншіні қағып оқиға орнынан қашқан жүргізушіні қызылордалық полицейлер анықтады

225

0

Фото: Qyzylorda PD

Қызылорда қаласы ПБ «102» арнасына қала көшелерінің бірінде жаяу жүргінші қағып кеткен туралы хабарлама түскен, деп хабарлады Qyzylorda PD.

Тексеру барысында Қызылорда қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесінің бойында Volkswagen көлік жолдан өтіп бара жатқан азаматты қағып, оқиға орнынан қашып кеткендігі анықталды.

Орын алған ЖКО бойынша жедел түрде іздестіру шаралары басталып, оқиға орнынан сұрастыру жұмыстары жүргізіліп, анықталды.

Автокөлік айып алаңына қойылды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс жүргізілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<