Жасанды интеллектті қазақша сөйлеткен дарынды оқушымен кездесті

195

0

Фото: Жастар рухы Сырдария

Аудандық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты аудандық филиалының жетекшісі Ақтөре Ибрагимұлы №210 Оспан Әбілпаттаев атындағы мектептің 11 сынып оқушысы, ІТ саласы бойынша түрлі жобалар авторы Асылжан Абдуллаевты ата-анасымен бірге қабылдады.

– Асылжан қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологиялар саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырып, жасанды интеллектті қазақ тілінде сөйлетуге атсалысып келеді. Бұл талапты жастың бойыңдағы патриоттық сезімнің, елге, жерге, тілге деген шексіз құрметінің көрінісі. Еліміздің ертеңі өзіңдей талапты, білімді ұрпақтың қолында. Қатарыңнан оза шауып, өзіңнің біліміңді әркез дәлелдеп келесің. Мектеп қабырғасында білім алып жүріп, бірнеше жоғарғы оқу орнына грант жеңіп алуың – сөзімізге дәлел. Мемлекет басшысы егемен еліміздің ертеңі білімді жастар мен жасөспірімдер қолында екенін әркез айтып келеді. Жан-жақты, дарынды жастармен еліміз әрқашан мақтанады. Саған шығармашылық табыс пен кемел білім, шырқау шабыт тілейміз! Болашағың жарқын болсын! – деген А.Ибрагимұлы Асылжан мен оның ата-анасы Рүстем Абдуллаұлы мен Мөлдір Болатбекқызына «Жастар рухы» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Әсетхан Баймұрзаның арнайы «Алғыс хатын» табыстады. Сонымен қатар білімді, талапты оқушыға қайда жүрсе де ұлттық құндылықтарды ұмытпау керегін дәріптеп, Сырдария ауданының аудиоантологиясы мен қойындәптерді сыйға тартты.

Өз кезегінде Асылжан Абдуллаев пен анасы Мөлдір Тоқберішова арнайы қабылдаған Ақтөре Ибрагимұлына алғыстарын білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<