Жаңғыру – ұлттық сананың кемелденуі

312

0

 Облыстық оқу орталығы мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне әдістемелік қолдау көрсету және  педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін жетілдіруде біршарама  жұмыстар атқаруда. Өткен 2017 жылы  барлығы 30 шара  өткізіліп шара барысында  1604 маманға әдістемелік көмек көрсетілді. Мемлекеттік және жекеменшік балабақшалардың жаңашылдыққа негізделіп шығармашылықпен жүргізілген іс-тәжірибелері насихатталып, облыс көлемінде таратылуда.

Облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) ұйымдастыруымен Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы Жолдауын насихаттау мақсатында Қызылорда қаласындағы «Сыр бөбегі» балабақшасының базасында «Ұлттық жаңғыру-ұлттық сананың кемелденуі» тақырыбында облыстық дөңгелек стол өткізілді. Дөңгелек стол жұмысына Қызылорда қаласындағы 7 КМО жетекшілері және әр аймақтан ата-аналар барлығы 50-ге  жуық маман қатысты.

Жиынның мақсаты «Рухани жаңғыру» бағдарламасы  аясында отбасына оң көзқарасты қалыптастыру, ата-аналар жауапкершілігін күшейту және оларға қолдау көрсетуге  бағытталған іс-шараларды дамыту. Жалпы адами құндылықтар мен бәсекеге қабілеттілікті арттыру негізінде  тәрбиеленушілердің  шығармашылық әлеуетін жетілдіру.

Шара барысында ұлттық сананың кемелденуі болашақ балғын балалардың шығармашылық ойлау мәдениетін қалыптастыру, қиялын дамыту, сезімдік-эмоциялық әрекеттерін жетілдіру бағытындағы «Сыр бөбегі» балабақшасы педагогтарының жаңашылдыққа негізделген іс-тәжірибелері насихатталды.

Сонымен қатар шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Құдайбергенов Қазыбай Құдайбергенұлы, «Халықаралық қазак тілі қоғамы» Қызылорда филиалының директоры, республикалық «Тіл сақшысы» газетінің редакторы Аңсатов Садуақас және де БАҚ («Ұстаз мәртебесі», «Білім айнасы») өкілдері шақыртылып, қатыстырылды.

«Сыр бөбегі» балабақшасы жан-жақты іздену, кәсіби біліктілікті арттыру негізінде біршама жетістіктерге қол жеткізген. Кішкентай бүлдіршіндерді әдемілікке баулу, қоршаған ортаның сұлулығын сезіну және оны күту дағдыларын қалыптастыру міндеттерін ата-аналармен бірлесе жүзеге асыру, ата-аналармен байланыс орнату, ата-аналарды қоғамдық жұмыстарға тартуды мақсат етіп қойып, ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнатуда.

Драма оқу қызметі мен вариативтік компонент негізінде көлеңке тетры арқылы балалардың білім, білік, дағдыларын дамыту, сонымен бірге зерттеу іс-әрекеті негізінде балалардың зерттеушілік қабілеттерін арттыру бойынша жаңашыл әдіс-тәсілдер енгізіліп, насихатталған.

Дөңгелек столға қатысушыларға балабақша базасына кіргеннен балабақша ата-аналарынан құралған ата-аналар ансамблі «Кеңес», «Қосалқы» күйлері арқылы ерекше көңіл-күй сыйлап, қабылдап алып жатты.

Дөңгелек стол бағдарламасына сәйкес қатысушылар «Туған жерім тұғырым!» тақырыбында балабақша тәрбиешілерінің   шығармашылығымен дайындалған көрме жұмысымен танысып балабақша өмірімен тыныстады. Дөңгелек стол жұмысына Облыстық оқу орталығы директорының орынбасары Дихамбаева Гүлнар Батырбекқызы сәттілік тілеп, ашылу салтанатына жалғасты. Семинардың ашылу салтанынан соң қатысушылар «Туған жер – тұнған тарих!» тақырыбында дайындалған көлеңке театрының қойылымын тамашалап, ата-бабаларымыз аңсап кеткен тәуелсіздікке қол жеткізіп бейбіт заманда бейбіт өмір сүріп жатқандықтарын көз елегінен өткізіп керемет әсерде болды.

Сонымен қатар «Сыр бөбегі» балабақшасының ата-аналары «Туған жер» тақырыбында монолог оқыса тәрбиеленушілер қатысушыларға «Рухани жаңғыруды» тарихи сәт екендігін түсіндіргендей әсер сыйлады.  

Дөңгелек стол бағдарламасына сәйкес балабақша педагог-психологі қатысушылармен «Ой толғау» жүргізіп аудиторияда пікір-талас орнатып қатысушыларға өз пікірлерімен бөлісуге мүмкіндік сыйлады.  Дөңгелек стол соңында «Сыр бөбегі»  балабақшасы тәрбиеленуші балақайларының ата-аналары ұйымдастырған  «Балама кітап сыйлаймын…» – акциясы жүргізілді. Балабақша топтарына яғни балаларға 25 дана кітап сыйлаған ата-аналарға балабақша ұжымы алғыстарын жаудырып жатты.

Шараны «Мәңгілік ел» балалар хоры мен «Саржайлау» ата-аналар ансамблі қорытындылап, Облыстық оқу орталығы директорының орынбасары Гүлнар Батырбекқызы дөңгелек стол жұмысын өте жоғары деңгейде ұйымшылдықпен, кәсіби шеберлікпен дайындаған «Сыр бөбегі» балабақшасының ұжымына алғысын білдіріп, алдағы уақытта үлкен шығармашылық табыстар, биік белестер тілей отырып жұмыс көрсеткен педагогтарды марапаттады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<