Жазасын өтеушілер арасында интеллектуалдық сайыс өтті

290

0

Қай заманда да білімге құштарлық, білуге, ізденуге құлшыныс өмір талабы, табиғи және рухани қажеттілік, ол әр адамға шабыт тудырады.
Жуырда Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 3К-169/5 мекемесінде «Білімді мыңды жығады» атты интеллектуалдық сайыс ұйымдастырды.Сайысқа 200-ден астам жазасын өтеушілер мен мекеме қызметкерлері қатысты.
Сайыс барысында қазақтың ұлы тұлғаларынан, бабалар өсиеттері, танымал жазушылардың әдеби шығармаларынан сұрақтар қойылды. Жазасын өтеуші азаматтар сайысқа барынша белсенділік танытты. Қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін бағалап, сайыстың әділ өтуіне кітапхана қызметкерлері  А.Шәкиева, Н.Қаражанова қазылық етіп, командалық  сайыс жеңімпаздарына  кітапхана қорынан бағалы кітаптар табыс етті.
А. Жакупов,
ЗК-169/5 мекемесінің
САӘПТЖБ бөлімінің
жасақ бастығы
әділет аға лейтенанты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<