Жерлердің шөлденуі мен тозуы үдерістеріне ғарыштық мониторинг жүргізу

534

0

Арал өңірі аймағының экологиялық проблемаларын зерттеуге заманауи технологияларды енгізу, сондай-ақ оларды оқу үдерісінде пайдалану Қызылорда облысын тұрақты дамытудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

2018 жылдың 21-23 ақпаны күндері Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамына мамандар біліктілігін арттыру және қайта даярлау бөлімінің ұйымдастыруымен «Жерлердің шөлденуі мен тозуы үдерістеріне ғарыштық мониторинг жүргізу» бағдарламасы бойынша семинар өтті.

Семинарға қатысушылар өте маңызды дағдыларды – ғарыштық мониторингті және  http://geomonitoring.kz/.  геопорталын пайдаланып, жерлердің шөлденуі мен тозуы үдерістерін зерттеу әдістерін үйренді.

Жерлердің шөлденуі мен тозуы үдерістерінің ғарыштық мониторинг әдістемесін  «Қазақстандық ГАЖ және АЗ агенттігі» ЖШС -ң директоры Светлаков Валерий Рашидовичтің жетекшілік етуімен әзірледі. Курс жаттықтырушысы –  Рысмахан Гаухар, ГАЖ жетекші маманы.

Бұл әдістеме ҒЭҚ-БҰҰДБ шөлді эко жүйелерді сақтау жобасы аясында жарыққа шығарылды және Арал-Сырдария мен Іле-Балқаш аймақтарындағы жерлердің  шөлденуі мен тозу үдерістерінің негізгі индикаторлары бойынша құнды ақпаратты көрсетеді.

Профессор-оқытушылар құрамы оқу үдерісі мен ғылыми жұмыстарында Қазақстанның шөл және шөлейт экожүйелерінің жағдайын зерттеудің ғарыштық әдістерін пайдаланып, өздерінің геопортал арқылы ғылыми зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісе алады.

.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<