
Туындыны Қытайдың Әлеуметтік ғылымдар баспасы шығарған. «Шәкәрімді» оқыған соң мен қазақтардың өмірі жайлы мол мағлұмат алдым. Тіпті сіздің еліңіздің кең-байтақ даласында сәйгүлікке мініп құйғыта шапқым келді»,-деді таныстырылым барысында СШТУ ректоры Ван Цзюньчже. Кітапты қытай тіліне бірнеше жыл Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы Конфузия институтында еңбек еткен СШТУ оқытушысы Ли Сичан аударған. Бұл оңды жаңалықты аталмыш оқу орнындағы қазақ тілін үйреніп жүрген қытайлық студенттер қуанышпен қабылдады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<