Сыр елінде құрылыс қарқынды

210

0

         Аймақта 2022 жылға әлеуметтік нысандар құрылысы, тұрғын үй құрылысы және инженерлік инфрақұрылым тартуға мемлекеттік бюджеттен 18,2 млрд.теңге бөлінген. Бұл қаражатқа 27 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілген. Атап айтсақ, 32 тұрғын үй құрылысы және 40 инженерлік инфрақұрылым жобаларын жүргізу жоспарланған.

         Білім беру саласы бойынша  12 нысан салынуда. Ол 7 мектеп, 2 оқу корпусы, 2 балабақша, 1 оқушылар үйінің ғимараттары.

         Мұнан бөлек, денсаулық сақтау саласы бойынша 6, мәдениет саласы 4, спорт саласы 1, мемлекеттік органдар 1 нысан бой көтеруде. «Бизнестің жол картасы -2025» бағдарламасы бойынша 3 нысанның құрылысы басталған. Биыл тамыз, қыркүйек айларында жылына 5-10 мың донорлық облыстық қан орталығы, неке сарайы, мәдениет саласындағы көпсалалы кешен және 2 оқу корпустарының құрылыстары басталды.

         Салынып біткен құрылыстар пайдалануға берілуде. Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде 250 орындық емхана, Арал ауданы Сексеуіл ауылдық округінің Жалғызағым елді мекенінде медициналық бекет, Қазалы ауданы, Сарыкөл ауылдық округі, Жұбан елді мекенінде медициналық бекет, Жалағаш ауданында 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебі, Жалағаш ауданы Таң ауылдық округінде дәрігерлік амбулатория және Шыны зауытына темір жол тұйығы, Арал қаласында 100 орындық инернатпен, 200 орындық №71 мектеп құрылысы аяқталған.

 −Жалпы биыл 17 әлеуметтік нысанды аяқтауды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, биылғы жылы тұрғын үй құрылысы бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен 682,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жыл басынан барлығы 1764 пәтерді құрайтын 32 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде, 10 сатып алу құқығынсыз арендалық тұрғын үйлер және 22 кредиттік тұрғын үйлер. Жыл соңына 1294 пәтерді құрайтын 22 тұрғын үйдің құрылысын пайдалануға беру жоспарланып отыр, − дейді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ерлан Төрәлиев.

         Қаламызда тұрғын үй құрылысы жылдан жылға қарқын алуда. келер жылы 10 кредиттік үйлер аяқталады. Бұған қоса жеке кәсіпкерлер есебінен 9 көпқабатты тұрғын үйлер пайдалануға берілетін болады. Бүгінгі күнге СПМК-70 ауданында 40 пәтерлік 2 тұрғын үй пайдалануға беріліп отыр. Осылайша, жыл соңына, барлық қаржыландыру көздері есебінен 31 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

         2022 жылғы қаңтар–қыркүйек айларының қорытындысымен қаржыландырудың барлық көздері есебінен 519,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.         Оның ішінде Қызылорда қаласы СПМК-70 тұрғын ауданында 40-пәтерлі 2 кредиттік тұрғын үй пайдалануға берілді.

         Мұнан бөлек 227,7 шақырым инженерлік инфрақұрылым желілерін жүргізу жоспарланған. Оның ішінде электр желісі 114,6, ауыз су желісі 86,1, газ желісі 17,4, жылу желісі 9,6 шақырым.

          Бөлінген қаражатты мақсатты әрі тиімді жұмсау, қаржы игеруді жоспарлау және құрылыс нысандарының бекітілген жобаға сәйкес жүргізілуі қатаң бақылауға алынған дейді  сала басшылары.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<