Тіл білуге оқушылардың ынтасы зор

221

0

         Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы 2023 жылды «Ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілі жылы» деп жариялады. «Қазақтар орыс тілін жақсы білуі керек. Бірақ өзінің ана тілін де білуі тиіс», деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік журналист Андрей Кондрашовқа берген сұхбатында.

         Елімізде оқушылардың ана тілімен қатар өзге тілдерді де меңгеруіне мүмкіндік мол. Мектеп қабырғасында орыс тілі мен әдебиетін оқытудамыз. Себебі көркем әдебиет ұлт пен ұлтты, әр алуан халықты рухани жағынан жақындастыра түседі. Сондықтан әдебиеттің бір саласы көркем аударманы да оқушылар қалт жібермей оқып жүр. Орыс тілін оқытудың негізгі міндеттерінің бірі – оқушыларға білім беріп қана қоймай, пәнге деген қызығушылығын, еркін сөйлеуін жетілдіру, шығармашылық қабілетін дамыту.

         Осы мақсатта өткен сабақтарымыздың бірі орыс әдебиетінің классик жазушысы А.С.Пушкиннің өмірі мен шығармашылығына арналды. Сабақта  ақының еңбектеріне 7-сынып оқушылары қызығушылығын білдірді. А.С.Пушкиннің өмірбаянынан деректер айтылып, оқушылар түрлі тақырыптағы өлеңдерін жатқа оқыды.

         Ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевпен Пушкиннің өзара рухани жақындығы мен шығармашылық рухының біте қайнасқан сәттері бүгінгі жас ұрпақтың ерекше қызығушылығын оятты.  Оқушылардың Абай аудармаларын оқып, Пушкин мұрасымен танысуы алдағы уақытта да  өз жалғасын табады.

         Біздің мақсатымыз – жан-жақты дамыған оқушы тұлғасын қалыптастыру және тәрбиелеу. Орыс тілі мен әдебиетін заманауи-ғылыми деңгейде оқыту. Сонда ғана жас буын тіл меңгерудің маңыздылығын ұғынады.

Динара КЕНЖЕБАЕВА,

№106 орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,

Қармакшы ауданы, Иіркөл ауылы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<