200-дей пиротехникалық бұйым тәркіленді

148

0

Облыста «Пиротехника» жедел профилактикалық шарасы аясында 15 рейд ұйымдастырылды. 3 құқық бұзушылық дерегі анықталып, 201 пиротехникалық бұйым тәркіленді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында мәлім болды.

– Пиротехникалық заттарды сату және сақтау тәртібі бақылауда. Оларды заңсыз сататын сауда орындары мен базарларға рейд ұйымдастырылуда. Анықталған құқық бұзушылық жағдайлары бойынша әрқайсысына 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды, – деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті басқармасы бастығының орынбасары Асхат Оразбеков.

Мереке қарсаңында балалардың жарақат алмауы үшін мектеп инспекторлары «ZOOM» қосымшасы арқылы оқушыларға және ата-аналарға қауіпсіздік шараларын түсіндіруде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз