№211 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды

524

0

№140 Абылайхан атындағы орта мектепте орналасқан №211 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды.

Учаске ашылған бойда сайлаушылар кезекке тұрды.

Алғашқы дауыс беруші Шолпан Бисембаеваға сыйлық табысталды.

Учаскеде байқаушылар мен кандидаттардың сенімді өкілдері, БАҚ өкілдері бар. Бұл учаскеде 2138 сайлаушы тіркелген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<