3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

435

0

«Антициклон жотасы республиканың басым бөлігіне әсер етеді, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Тек батыс өңірлер циклон жырасының ықпалында болады және атмосфералық фронтальды бөлімдері бар республиканың батысында және оңтүстік-шығысында жаңбыр, найзағай ойнайды, күндіз еліміздің батысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады, оңтүстік-шығысында, батысында бұршақ жауып, орталықта тұман түседі», делінген хабарламада.

Батыс Қазақстан облысынының солтүстік-батысында найзағай ойнайды, бұршақ жауып, жел күшейеді, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.

Атырау облысының батысы және орталығында найзағай ойнап, жел күшейеді, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.

Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде шаңды дауыл соғады, түнде батысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-батысвнда, күндіз солтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады, батысында, солтүстік-шығысында 15-20 м/с  жел тұрады.

Алматы облысының орталығы мен таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, Түркістан облысының таулы аудандарында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, күндіз Қызылорда облысының орталығында, Қостанай облысының батысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік түседі.

Маңғыстау облысында, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстік-батысында, Алматы облысының солтүстік-батысында және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.


egemen.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<