42 500 теңге несие тарихына әсер ете ме? – Министрлік жауабы

272

0

Қаржы бірінші вице-министрі Берік Шопанқұлов ТЖ режимі кезінде берілген 42 500 теңге қазақстандықтардың несие тарихына қалай әсер ететіні туралы айтып берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазақстандықтар екінші деңгейлі банктерден несие ала алмай жатқандарына шағымданып жатыр. Банк менеджерлері мұны 42 500 теңге төлем алуымен түсіндіріп отыр. Төтенше жағдай кезінде несиелер мен төлемдер бойынша кейінге қалдыру түріндегі мемлекеттен көмек шынымен де қазақстандықтардың неисе тарихына кері әсерін тигізе ме?»- деген сұрақ қойылды ОКҚ брифингінде.

«Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қабылдаған норматив акт бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруы қорынан берілген бұл төлемдер несие тарихының нашарлауына негіз болмайды. Сондықтан мұнда қазақстандықтарға банкке бару керек. Банк осы себеп бойынша несие беруден бас тартқан болса, ол уәкілетті органға шағымдана алады», – деді Шолпанқұлов

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз