700-ден астам карантин талабын бұзу фактісі анықталды

413

0

Биыл шілдеден бастап бүгінгі күнге дейін Қызылорда облсында 24 мониторингтік топ арқылы 3019 рейд жүргізілді. Нәтижесінде 752 заңбұзушылық анықталды. Оның ішінде халыққа қызмет көрсету нысандарында 364 заңбұзушылық, 370 үйде ұйымдастырылған мерекелік-көпшілік іс-шара және 18 көшедегі топтық жиналу анықталды.

Карантин талаптарын бұзушылықтардың  аудандар бойынша көрсеткішіне тоқталсақ, Аралда – 94, Қазалыда-153, Қармақшыда – 77, Жалағашта – 88, Сырдарияда – 38, Шиеліде – 59, Жаңақорғанда – 73, Қызылорда қаласында 144 жағдай тіркелді.

Анықталған 752 карантин талаптарын бұзушылық бойынша ҚР ӘҚБтК-тің 425-бабының 1-бөлігімен жалпы сомасы 35 225 040 теңгеге әкімшілік айыппұл салынды. 

Карантин талаптарын бұзушылықтың басым бөлігі үй жағдайында көпшілік жиын ұйымдастыруға қатысты және қоғамдық тамақтану орындары, азық-түлік сауда орындарына қатысты анықталған. Оның ішінде жеке кәсіпкерлікке қатысты-14, нысандарға қатысы бар жеке тұлғаларға-351, ал нысандарға қатысы жоқ жеке тұлғаларға қатысты 387 әкімшілік хаттама толтырылған.

Халыққа қызмет көрсету орындарындағы карантин талаптарын бұзушылықтың басым бөлігі санитариялық талаптардың сақталмауына қатысты анықталған. Яғни  қызметкерлер маскасыз, қорғаныш қолғаптарынсыз халыққа қызмет көрсеткен, сонымен қатар шекті уақыттан асырып жұмысын жалғастырған нысандар да бар. 

Атап айтқанда, 261 дерек маска тағу ережесін бұзуға және әлеуметтік арақашықтықты сақтамауға қатысты, жұмыс жасау уақытының шектелуін бұзу бойынша – 60, тыйым салынған нысандардың қызмет көрсетуі бойынша – 29, залалсыздандыру талаптарының сақталмауы бойынша– 14 талап бұзушылық орын алды. 

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<