«Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін»

851

0

Ұлы Абайдың мерейтойына орай әртүрлі деңгейде ауқымды іс-шаралар өткізіліп жатыр. Осы ретте ғұлама, ойшыл, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы  ретінде ел тарихында өшпес із қалдырған ақынның шығармаларын насихаттап, зерделеу қолға алынды.

Жақында Жаңақорған ау­дандық ішкі саясат бөлі­мінің «Жастар ресурстық  орталығы» және  «Ашық аза­маттық қоғам» ақпараттық ресурс­тық орталығының ұйым­дастыруымен «Абай жақ­қан бір сәуле сөнбеу үшін»  атты шығар­ма­лар бай­қауы жарияланды.

Бұл іс-шараны өткізу­дегі мақсат – табиғат пен қоғамның, адам мен заман­ның сырына терең бойлаған кемеңгер ойшыл­дың өмірін кеңінен насихаттап, шығармаларына шолу жасау және туындыларын жастардың бойына сіңіріп, терең түсінуге баулу. 

Қазір онлайн байқауға өтінімдер қабыл­данып, шы­ғармалар ұсынылуда. Ша­раға  мектеп оқушылары мен студенттер қатыса алады. Шығармаларды іріктеу кезінде мазмұнын анық­тайтын ой тереңдігіне, әдебиет көздерін орынды пай­далануына, белгілі бір стильде жаза білуі мен орфогра­фиясына мән беріледі.

Жеңімпаздарға арнайы сый-сияпат табысталады.

Сара АДАЙБАЕВА,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<