Әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері

953

0

 Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық Статистика бюросының облыс бойынша департаменті облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындыларын жариялады.

2022 жылғы II тоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша айына 119025 теңгені құрады және 2021 жылғы II тоқсанмен салыстырғанда 26,4%-ға өсті. Осы кезеңдегі тұтыну тауарлары мен қызметтері бағасының 13,2%-ға өсімін ескере отырып, халықтың нақты ақшалай табыстары 11,4%-ға жоғарлады.

2022 жылғы III тоқсанда, ХЕҰ әдіснамасы бойынша анықталатын жұмыссыздар саны 17,5 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 5,0% . Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2022 жылғы қазанның соңына 19,1 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 5,5%.

2022 жылғы III тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 251612 теңгені құрады.

Тұтыну бағаларының индексі 2022 жылғы қазанда 2021 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 116,8% құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар 21%, азық-түлік емес тауарларына – 16,9%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтер – 10,5%-ға өсті.

Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2022 жылғы қазанда 2021 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 15,5%-ға жоғарылады.

2022 жылғы  қаңтар-қазанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 290920 млн. теңгені немесе 2021 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 125% құрады.

2022 жылдың 1 қарашадағы жағдайына тіркелген заңды тұлғалар саны 11145 бірлікті құрады, оның ішінде 10795 бірлік 100 адамнан аз қызметкерлері бар. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 8867 құрайды, оның ішінде шағын кәсіпорындар – 8517 бірлік.

2022 жылғы қаңтар-қазанда «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 102,3%-ды құрды.

2022 жылғы қаңтар-қазанда бөлшек сауда көлемі 301805,2 млн. теңгені немесе 2021 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 101,8% құрады (салыстырмалы бағада).

2022 жылғы қаңтар-қазанда көтерме сауда көлемі 192244,2 млн. теңгені немесе 2021 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 103,0% құрады (салыстырмалы бағада).

2022 жылғы қаңтар-қазанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 854180,6 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 2021 жылғы деңгейден 1,3% кеміді. Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 4,4%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда 1,8% кемісе, өңдеу өнеркәсібінде өсім 8,3% құрады. 

Ағымдағы жылдың қаңтар-қазанында ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 163007,0 млн. теңгені құрап, 2021 жылдың қаңтар-қазанымен салыстырғанда 0,1% артық болды.

2022 жылғы қаңтар-қазанда құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 98617 млн. теңгені құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 22,9% артық.

2022 жылғы қаңтар-қазанында «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 100,2%-ды құрады.

2022 жылғы қаңтар-қазанында жүк айналымының көлемі  млн. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) 36403,9 құрап, 2021 жылдың қаңтар-қызанымен салыстырғанда 22,7%-ға көбейді. Жолаушылар айналымының көлемі 1962,2 млн. жкм құрап 18,0% артты.

2022 жылғы II тоқсанда жұмыс істейтіндердің саны 100 адамнан асатын кәсіпорындардың қаржылық нәтижесі пайда ретінде 71408,0  млн. теңге сомасында қалыптасты. Пайдалылық (залал) деңгейі 46,6%-ды құрады. Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан залалды кәсіпорындар үлесі 29,3%-ды құрады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<