Әліппенің әдемі жауабы

2445

1

Жақында еліміздің барлық мектебінің бірінші сыныптарында Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде әзірленген «Әліппе» оқулығы енгізілгені мәлім. Бұл жаңалыққа әсіресе ата-аналар қатты қуанды. Осы ретте «Әліппенің әдемі жауабы» атты шағын мысал әңгімені ұсынамыз.

̶  Әліппе, саған жұрттың ықыласы ерекше. Ата-анасы бірінші класқа барған баласымен қосылып оқиды. Тауысқасын қошеметпен қоштасады, ̶ деді басқа оқулықтар.

̶  Сабыр сақтаңыздар,  ̶  деді Әліппе жиналғандарға.

̶ Сендердің де өз орындарың бар, қажетсіңдер. Бірақ, өздеріңді-өздерің бағаламай отырсыңдар. Дегенмен, сөздеріңнің де жаны бар. Құрмет тұтатыны рас. Тыңда түренді кім бұрын тартса, сол ел есінде ұмытылмай ұзақ сақталады.

Жасы кіші болса да Әліппенің аталы сөзі көпшілікті қанағаттандырды.

Жеткерген ӘБДІРЕЕВ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<