Алаяқтық бабы бойынша 28 жастағы қызылордалық құрықталды

910

0

4.10.2020 жылы Қызылорда қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының тұрғыны алаяқтық фактісі туралы арызданған.

Тексеру барысында мамыр айында қала тұрғыны сеніміне кіріп, жұмысқа орналастырамын, сондай-ақ қолжетімді бағамен баспана сатып алуға көмектесемін, сіңлісін университетке түсуруге көмек беремін деп алдағаны белгілі болды. Осылайша, алаяқ өзінің уәделерін орындамай, алдау жолымен   жәбірленушінің 5 245 000 теңге сомасындағы ақшасын иемденген.

   Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті, бұрын сотты болған, 28 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны құрықталды.

    Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігіне (ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп- тексеру жүргізілуде.

   Қызылорда қаласының полиция басқармасы алаяқтардың құрбаны болмас үшін азаматтардан қырағылық пен мұқияттылықты сақтауды сұрайды.

    Департаменттің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<