Анимациялық мультсериал әзірленді

706

0

Балалар жылына орай жерлесіміз, БҰҰ балалар қорының ұлттық тренері, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің докторанты Сымбат Абдрахманова «Дүниетану» атты 10 бөлімнен тұратын балаларға арналған жаңа анимациялық әдістемілік құралын әзірледі. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сымбат Абдрахманова жаңа мультсериалды БАҚ өкілдеріне баяндады.

– «Дүниетану» атты анимациялық мультсериал ютуб желісіне ашық қолданыс үшін салынған. Яғни, еліміздің кез келген тұрғыны мультфильмді еркін көре алады. «Дүниетану» мультсериалы жас ұрпақтың бәсекелік қабілетін арттырып, өмірлік дағдыларын дамытып, прагматикалық көзқарасын қалыптастырады. Анимациялық сериал балаларға түсінікті тілмен және түрлі-түсті бояулармен дайындалған. Сондай-ақ, «Дүниетану» мультсериалының барлық құрылымын педагог ғалымдармен бірге бірлесіп шығардық. Айта кетейін, әдістемелік құрал мектеп оқушыларына қосымша пән ретінде ұсыну жоспарлануда, – деді Сымбат Нұртазақызы.

Брифинг барысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының доктары Шарбан Майгелдиева аталмыш әдістемелік құралдың ерекшелігін атап өтті.

– Қазіргі таңда балалардың ой-өрісін дамытуда отандық мультсериалдардың жоғары деңгейде сапалы болуы аса маңызды. Өйткені бүлдіршіндер сол дүниені көре отырып, бойына барлық нәрсені сіңіріп алады. Шәкіртім Сымбат Нұртазақызының «Дүниетану» атты анимациялық мульсериалы ерекше туындылардың бірі деп санаймын. Себебі бұл туындыда балалар мульфильмді көре отырып, берілген тапсырмаларды орындайды. Сонымен қатар балалар психологиясына жақсы әсер ететін көрсетілімдер ұсынылады, – деді Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры Шарбан Мұсабекқызы.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы С.Абдрахманова 20-дан аса қазақ тілінде мультфильмдерді әзірлеген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<