Апта ағымында

272

0

Фото: ашық дереккөз

(29-29 қараша)
«AMANAT»: сайлауалды бағдарлама аясында Ақсу, Шәменов ауылдары табиғи газға қосылды


Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Жалағаш ауданының «Ақсу», М.Шәменов ауылдарын газ желісіне қосу рәсімі өтті.
«AMANAT» партиясы «Халықпен бірге!», -деп аталатын өзінің 2023-2027жылдарға арлаған Сайлауалды бағдарламасында елді мекендерді газдандыру, жарықтандыру, таза ауызсу, сапалы жолмен қамтамасыз ету үшін нақты жоспар құрып, олардың қаржысының бөлінуіне қолдау көрсетіп отыр және елдің игілігіне бағытталған әрбір жобаның сапасы мен уақыты пайдалануға берілуін тікелей бақылауда ұстауда. Қос ауылдағы игілікті шара партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында, облыс әкімінің тікелей қолдауымен жүзеге асып отыр.
Көптен күткен игілікті жобаның іске қосылуымен тұрғындарды құттықтаған аймақ басшысы осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.

CАЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫНДА ЖАН-ЖАҚТЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ


Партияның облыстық филиалының Төрағасы Алмасбек Есмаханов пен Атқарушы хатшы Ләйлә Төрешованың қатысуымен облыстық мәслихаттағы депутаттық фракцияның отырысы өтті. Онда партияның сайлауалды бағдарламасын Қызылорда облысы бойынша іске асыруға бағытталған Жол картаның орындалуы, сонымен қатар оны 2025 жылға қаржыландыру жағдайы талқыланды.
Бүгінгі күні аймақтық Жол картада жоспарланған 116 іс-шараның 70-і орындалды, 46 шара орындалу сатысында. Атқарылған жұмыстарды атап өтер болсақ, білім саласы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Қызылорда қаласында 900 орындық мектеп пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 3 мектеп құрылыс аяқталады.
Денсаулық сақтау саласы бойынша облыстық қан орталығының құрылысы аяқталып, нысан қызмет көрсетуде.
11 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысандары мен Сексеуіл кентіндегі аурухана құрылысы желтоқсан айында аяқтап, іске қосу күтілуде. Медицина ұйымдарына 2 дана КТ, 3 дана рентген аппараттары сатып алынды.
10 елді мекен газбен қамтамасыз етіліп, 25,6 мың адам көгілдір отын игілігін көре бастады. Жыл аяғына дейін тағы 1 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарлануда.
2 елді мекенге су тұщытқыш қондырғысы орнатылды. Қызылорда қаласының 9,3 шақырым жылу желілері жаңғыртылды.
Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция инспекторларына 10 автокөлік сатып алынды. Қызылорда қаласының Бәйтерек-1 шағын ауданында 1 полиция пунктінің құрылысы аяқталып пайдалануға берілді және 2 полиция пункті сатып алынды.
Электр желілерінің тозуын төмендетіп, тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджеттен 1,6 млрд. теңге қаралып, 46 дана трансформаторлық станция жөндеуден өтті, 23,7 шақырым электр желілеріне жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
Жыл соңына дейін «Жаңақорған кентіндегі 10/0,4 кВ электр желілік жүйені жаңғырту» және «Шаған ауылдық округінің тұрғын аймақтарын электрмен қамту» жобаларының аяқталуы күтілуде.

ШАҒЫН ӨНЕРКӘСІПТІК ПАРК ҚҰРЫЛЫСЫНА МОНИТОРИНГ ЖАСАЛДЫ


Партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов партия филиалы жанындағы экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі кеңес мүшелерімен бірге қаланың сол жағалауындағы шағын өнеркәсіптік парктің құрылыс жұмыстарымен танысты.
«AMANAT» партиясы «Халықпен бірге!» деп аталатын Сайлауалды бағдарламасында өңірде өнеркәсіпті дамыту, кәсіпкерлікке қолдау көрсетуді мақсат етті. Соның ішінде өндіріс орындарының жылдам іске қосылуына жағдай жасау үшін қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген шағын парктердің ұйымдастырылуына ықпал етуді көздеген болатын. Бүгінгі таңда, өңірде жаңа өндірістерді орналастыру үшін шағын өнеркәсіптік парктер құру бойынша нақты жұмыстар қолға алынып, Қызылорда қаласының сол жағалауында жалпы жер телімі 4 га болатын, 2 шағын өнеркәсіптік парк құрылысын жүргізілуде.
ЖК «Тұмар», «Техноснатка-Ремсервис» ЖШС-нің 2 шағын өнеркәсіптік паркінің жалпы құны 1052 млн. теңгені құрайды. Шағын өнеркәсіп парктерін құрудың негізгі операторы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар болып табылады.

ФРАКЦИЯ МҮШЕСІ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ


Партияның облыстық филиалында облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Рахметов Алмас Алтынбайұлы кестеге сай қоғамдық қабылдау өткізді.
Фракция мүшесінің қабылдауына келген азаматтар балалар ойын алаңын жаңарту, көшелерге асфальт төсеу жұмыстары мен әлеуметтік көмек көрсету туралы мәселелерге қатысты өтініштерін білдірді.

Облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Абибуллаева Аида Ибрагимқызы партияның облыстық филиалы алаңында қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға келушілер тұрақты жұмыспен қамту және мемлекеттік қызметке алу бойынша кеңестер сұрап, ұсыныстарын білдірді.

Өңірімізге жұмыс сапарымен келген «Халықаралық Қазақ тілі қоры» қоғамдық бірлестігінің президенті, Ұлттық құрылтайдың мүшесі Рауан Кенжеханұлы бірқатар жаңадан ашылған әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.

«СP OPEN CUP ІІ» СПОРТТЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАУ САЙЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ


Бүгін партияның облыстық және қалалық филиалдары, облыстық «Жастар Рухы» Жастар қанаты және «GRAND MASTER» бағдарламалау мектебінің бірлесіп ұйымдастыруымен IT саласының маңыздылығын насихаттау және қызығушылықтарын арттыру мақсатында мектеп оқушылары арасында спорттық бағдарламалау сайысы өтті.
Аталған жарысқа қала және аудан мектептерінің 10-11 сынып оқушыларынан құралған 60 команда БАҚ сынады. Олар «СP Open Cup II 2024» спорттық бағдарламалау бойынша алгоритмдік есептерді шешу бойынша өз мықтылықтарын көрсетті.
Шараға партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов қатысып, сайыс жеңімпаздарын марапаттады.
Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі III орынмен Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Болатқызы Гүлім, Ақдәулетов Данияр марапатталса, ІІ орын Қызылорда «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушылары Иса Абдулла мен Төлеутай Ерболға бұйырды.

КІТАП-АMANAT” ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫНДА СТУДЕНТ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ


Бүгін студент жастар партияның «Кітап-AMANAT»орталығында «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, партияның облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының тең төрайымы Мұсабаева Айгүл Нәжмединқызымен кездесті .

«ТИІМДІ КОММУНИКАЦИЯЛАР: ТӘЖІРИБЕ, ЗАҢНАМА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС» ТАҚЫРЫБЫНДА ТРЕНИНГ ӨТТІ


«AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен мәслихат депутаттарына, партия және мәслихаттағы баспасөз қызметінің өкілдеріне арналған тренинг өтті.
Басқосуда белгілі журналист Айнұр Коскина саяси коммунацияның қыр-сырымен бөлісті.
Семинар барысында әлеуметтік желіні ұтымды басқару, аудиторияны қалыптастыру, желідегі негативті пікірлерге қарсы әрекет ету барысы талқыланды.
Сонымен қатар, басқосуда заңгер Гүлмира Біржанова БАҚ өкілдеріне қатысты, масс-медиаға қатысты заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Семинар тренинг екі күнге жалғасты. Екінші күні журналист Марат Садыков пен «Құқықтық Медиа орталығының» директоры Диана Окремова қатысушыларға әлеуметік желіде сурет пен видео түсіру жолдарын талқылап, құқықтық тұрғыда кеңестер берілді.
Семинар тренинг қортындысы бойынша барша қатысушыларға сертификаттар табысталды.

КЕЛІНДЕР САЙЫСЫ ӨТТІ


«AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының қолдауымен «Ұлттық мұра» және «Бақытты отбасы» жобасы аясында «Іскер келін» атты келіндер сайысы өтті.
Сайысқа қалаға қарасты 2 кент және 7 ауылдық округтары атынан 9 келін қатысты.
Шара шымылдығын партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Төрешова Ләйлә Бегалықызы ашып, қатысушыларға сәттілік тілеп, партия бастамалары мен халықтың өмірін жақсартуға бағытталған жобалардың іске асуын тілге тиек етті.
Сайыста әділ-қазылар алқасы келіндердің өнеріне, біліміне, біліктілігіне баға берді. Оның ішінде: «Әкелер одағы» ҚБ өңірлік филиалының төрағасы, Облыстық мәслихат депутаты Ескендір Ержан, «AMANAT» партиясы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау бағытындағы аймақтық кеңес төрағасы Байназарова Райкүл Мансұрқызы, Қалалық мәслихат депутаты, депутаттық фракция жетекшісінің орынбасары Ысқақова Раушан Жәдігерқызы болды.
Қатысушылар 5 кезең бойынша сынға түсті.

АУДАННАН АҚПАРАТ


«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» партиялық жобасы аясында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өткізілді.
Басты мақсат – қоршаған ортаға саналы көзқарасты қалыптастыру және тазалық сақтаудың маңыздылығын дәріптеу.

«AMANAT» партиясының «ЖАСТАРҒА ЖҰМЫС» жобасы аясында Жаңақорған аграрлы техникалық колледжінде «Жалын» БПҰ-ның ұйымдастыруымен «Мамандығым мақтанышым» атты апталық басталды.

«AMANAT» партиясы Байқоңыр филиалының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында қайырымдылық акциясы

«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА


Апта бойында қаржылық сауаттылықты арттыру курстары жалғасуда. Өңір бойынша 32 лекте оқытылған адам саны 10176-ы құрап отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<