Ақпан айының соңына дейін «Тальго» пойыздарына билетті жеңілдікпен алуға болады.

542

0

28-51 процент жеңілдікпен алты бағыттағы пойызға билет сатып алуға мүмкіндік бар.

Олар:

№ 29/30 «Алматы 2-Атырау» – 35% дейін;

№ 51/52 «Алматы 2-Нұр-Сұлтан 1-Орал» – 28% дейін;

№ 69/70 «Алматы-Өскемен 1» – 51% дейін;

№ 111/112 «Алматы 2-Маңғыстау» – 43% дейін;

№ 105/106 «Алматы 2 – Петропавл» – 46% дейін;

№ 711/712″ Нұр-Сұлтан Нұрлы Жол – Шымкент» – 43% дейін.

    «Жолаушылар пойызының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» нөмірі бойынша және Bilet.railways.kz сайтынан алуға болады. Жолаушылардан вокзал аумағында және пойыздар ішінде бетперде режимін сақтауды сұраймыз», – делінген ресми хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<