Құрылтай

Ақжарма ауылына табиғи газ берілді

5

0

Сырдария ауданының Ақжарма ауылына газ қосылды. Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов және зиялы қауым өкілдері игі істің куәсі болды.

– Мемлекет басшысы ауылдарға инфра­құрылым жеткізуге ерекше көңіл бөлуде.

Сіздер көптен күткен, ауыл халқының тұрмыс-тіршілігіне жаңа тыныс беретін игілікті шараға жиналдық. Бұл жобаға бюд­жеттен 1,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Өткен жылы Нағи Ілиясов, Шаған ауылдарына газ қосылып, ел игілігін көруде. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады, – деді аймақ басшысы.

Тыл ардагері Өмірбек Сағындықов тілегін арнады. Өңірдің әлеуметтік-эко­номикалық дамуына үлес қосқан және газ тарту жұмыстарын сапалы әрі мер­зімінде жүргізген мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен мара­патталды.

Рәсімнен кейін аймақ басшысы ауыл тұрғындарының үйлеріне барып, естелік сыйлық табыстады.

Өңірде 2022 жылдан бері 65 млрд теңгеден астам қаржыға 77 газдандыру жобасы жүзеге асты. Нәтижесінде облыс халқын газдандыру деңгейі 83 пайыз болды. Биыл жыл соңына дейін 10 елді мекенге «көгілдір отын» қосылып, қамту деңгейі 85 пайызға жеткізіледі. Жақын күндері Сырдария ауданына қарасты Шіркейлі, Қоғалыкөл және Бесарық ауылдарын газдандыру басталады.

Сапар барысында аймақ басшысы Ақжарма, Шаған, Іңкәрдария, Нағи Ілиясов, Шіркейлі ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Онда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтылып, жиналған жұртшылық ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

«СБ» ақпарат