Ардагерлер тарихи қалада бас қосты

508

0

Халқымыздың ұлттық менталитетінің жарқын белгісі қашанда үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету десек, бүгінде ауданымыздың игі дәстүріне айналған ізгілікті шарасы жалғасын тапты.

Бүгін аудан әкімі еліміздің, ауданымыздың дамуына өз үлесін қосып, бүгінде зейнет демалысындағы бір топ ардагерлерді киелі Түркістан шаһарына саяхатқа шығарып салды.

Аудан басшысы: «Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестеріңіз үшін Сіздерге ерекше алғысымды білдіремін. Қарты бар үйдің қазынасы бар демекші аудан ардагерлеріне құрмет көрсетіп, ізет білдіру біз үшін зор міндет. Түркінің тұран мекені киелі Түркістан сапарына сіздерге сәттілік тілеймін! Ат-көлік аман барып сау қайтыңыздар, ардақты ардагерлер»- деді.

Түркістан сапары бағдарламасы бойынша ардагерлер «Қожа Ахмет Яссауи» кесенесіне зиярат етіп, қайта жанданған қаланың «Керуен сарай», «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешендерін аралайтын болады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<