Арт-терапия – тиімді тәсіл

502

0

Кеше облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологы Г.Нетбаеваның ұйымдастыруымен 3 желтоқсан — Халықаралық мүгедектер күні қарсаңында облыстық №6 есту қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету) мектеп-интернатының оқушыларына арт-терапия өткізілді.

Оқушылар алдымен Жастар ресурстық орталығының жұмысымен, орталық ғимаратымен танысып, түрлі мағлұматтар алды.

Арт-терапия — психологияда жиі қолданылатын әдістердің бірі.  Ол жаман ойлардан арылуға көмектеседі. Арт-терапия — сезімдерді сурет арқылы жеткізу. Ол жасырынған қабілетті шығаруға, қоғаммен байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Өзін-өзі бағалауды үйретеді. Эмоцияны реттейді.

Орталық қызметкері, талантты кескіндемеші А.Абдрашеваның сүйемелдеуімен акварель көмегімен арнайы дайындалған композицияны салып, шығармашылық эксперимент жасады. Оқушылар арт-терапия барысында сурдолог-педагогтың көмегіне жүгініп, орталық мамандарымен кері байланыс орнатты.

 Терапия барысында суреттермен танысып, бояғышты таңдап, жұмысын жетілдіре отырып, эстетикалық талғамын шыңдады. Балалар мол әсер алды. Іс-шара соңында оқушылар ұйымдастырушыларға сурдолог көмегімен алғыстарын айтып, естелік суретке түсті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<