Ата заңды ардақтау – әрбір азаматтың парызы

1239

0

Биыл ел Конституциясының қабылданғанына 27 жыл. Мемлекет үшін айтулы мереке әрбір қазақстандық үшін айрықша маңызға ие. Сыр елінде де Ата Заңды ұлықтаған мерейлі сәт Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында өтті.  Салтанатты жиында Мемлеттік Ту аясында еліміздің Әнұраны шырқалды.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев барша Сыр жұртшылығын маңызы зор мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтады.

– Ата заңды ардақтау – болашаққа батыл қадам басқан егемен еліміздегі әрбір азаматтың асыл парызы. Конституция – қағаз жүзіндегі құжат емес, ол – елдің, халықтың, әрбір азаматтың өмір сүру ережесі, мемлекеттіліктің іргесін бекітіп, халықаралық кеңістікте ұдайы өркендеуін қамтамасыз ететін негіз. 1995 жылы бүкілхалықтық референдумда қабылданған Ата Заң халықтың бірлігін, қоғамдық және рухани келісімін нығайтып, егемендік пен саяси тұрақтылықтың кепілі болғаны белгілі.

Тәуелсіздік жылдарында құқықтық жүйенің тиімділігінің арқасында еліміз әлеуметтік-экономикалық дамуда әлеуетті табыстарға қол жеткізіп, іргелі мемлекеттер қатарына қосылды. Ел Конституциясы Қазақстанның табыстылығы мен одан әрі өркендеуінің нышанына айналды.

Әлемде заңға бағынбайтын ел жоқ. Өйткенi, Конституция мемлекеттiлiктiң маңызды белгiсi, саяси және құқықтық құжаты болып табылады. Сондықтан, ол қоғам үздіксіз дамыған сайын уақыт пен заман талабына қарай өзгерiп, жаңарады. Жаңа стратегиялық мақсаттар мен заманауи жаһандық сын-қатерлер қоғам тарапынан уақытылы және тиімді жауап қайтаруды қажет етеді. Бұл өз орайында мықты институттарға негізделген, теңдестірілген және тиімді билік жүйесін талап етеді, – деді облыс әкімі.

Осы жылы еліміздің саяси жүйесінде ауқымды өзгерістер орын алып,  халқымыз дамудың жаңа жолын таңдады. Мемлекет басшысы ел болашағына негіз болатын салмағы басым саяси реформалар жариялады. Дәлірек айтсақ, биылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізіліп, еліміздің Ата Заңының 33 бабына 56 өзгерту енгізілді. Аймақ басшысы Ата Заңға енгізілген бұл өзгерістер жаңару, жаңғыру жолындағы Жаңа Қазақстанның заманауи талабына жауап беретіндей қалыптасқанын атап өтті.

– Әлемде Конституциясы жоқ мемлекеттер де бар деп әрдайым Ұлыбритания мен Араб елдерін мысал етіп жүрміз. Бірі «төрт мыңнан астам заңды тұтастай алғанда бір Конституция» деп есептесе, бірі шариғат заңдарына сүйенеді. Сондай-ақ, әлемдік мемлекеттерде жазылған немесе жазылмаған заңдар болады.

Жазылмаған заңдар қатарына Білге қаған мен Тоныкөк абыздың ел билеу, ел қорғау, басқа ұлыстармен қарым-қатынас жасау тәртібін белгілеген «Турасын», орта ғасырдағы қазақтардың әскери ұстындары мен қылмыстық жауапкершілігін, әлеуметтік жіктелуін анықтайтын «Есім ханның ескі жолын»,«Қасым ханның қасқа жолын», Тәуке ханның «Жеті жарғысын» жатқызуға болады. Ата-бабаларымыз ұстанған заңдарда демократиялық принциптер, теңдік мәселесі өте нәзік, әділ түрде шешімін тапқан. Ал, жазылған заңдар қатарынан табылатын 1995 жылы қабылданған Конституциямыз зерттеушiлердiң пiкiрiнше, әлемдегi адамзаттық құндылықтарды дәрiптейтiн ең үздiк 50 конституцияның бiрi саналады. Заң мүлтіксіз жүзеге асуымен құнды. Заң жақсы жұмыс істеуі үшін оны бұлжытпай орындау азаматтардың күнделікті дағдысына,  үйреншікті әдетіне айналуға тиіс.

Баршаңызды Конституция күнімен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, әр шаңыраққа құт-береке, ырыс-ынтымақ тілеймін! Тәуелсіз еліміздің іргесі берік, тұғыры нық болсын! – деді Н.Нәлібаев.

Мерекелік жиында Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихында өз орны бар, Мемлекеттік Елтаңба авторы ретінде танылған бірегей сәулетші, Орталық Азиядағы ең әдемі шаһарлардың, елорданың сәулетті кескінін қалыптастыруға шығармашылық үлес қосқан ардақты азамат, «Құрмет» және І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Жандарбек Мәлібеков пен  «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Алтын дәрігер» төсбелгісінің иегері, «Қазақстанның 100 жаңа есімінің» жеңімпазы, екі мыңнан аса күрделі ота жасап, осынша адам өміріне араша болған, білікті дәрігер, ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Құрмет» орденінің иегері Болатбек Баймахановқа  облыс әкімі «Қызылорда облысының Құрметті азаматы» атағын табыстады. Дүйім жұрт дүркірей қол соғып, марапат иелеріне риясыз ықыласын аңғартты.

– Туған жеріме келіп, халықтың құрметіне бөленуден артық бақыт жоқ. Мені осы халқым тәрбиелеп шығарды деп ойлаймын. Сіздерге мың да бір рахмет!

Мемлекетіміздің нышаны – рәміздерімізге 30 жыл. Өткен кезеңді ой елегінен өткізсек, бұл аз уақыт емес. Тәуелсіз Отанымыз төрткүл әлемге танылды. Жаңа дәуірге бет алған жарқын өзгерістер орын алды. Байқағаным, екі ғасырдан астам тарихы бар, көне қала – Қызылордамыз да жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеп келеді екен. Мұның бәрі – туған жерге қызмет ететін азаматтардың арқасы. Сондықтан елімізге, халқымызға адал қызмет ете берейік. Бірлігіміз мәңгі болсын! – деді  Ж.Мәлібеков. Сонымен қатар, ол облыс әкіміне мемлекеттік елтаңбаның шағын нұсқасын естелік сый ретінде тарту етті.

Атағы алыс-жақын шетелдерге танымал, «Алтын дәрігер» төсбелгісінің иегері Болатбек Баймаханов туған жері – Сыр халқының құрметіне шексіз алғысын білдірді.

– Елге еткен қызметімізді бағалап, құрмет білдіріп жатқан халыққа,  Тәуелсіз еліміздің болашағы үшін тер төгіп, еңбек етіп жүрген азаматтарға көптен-көп рахмет! Осы ретте өңірдің өркендеуіне осында туып-өскен, ел мен жердің жайын, халқының қадірін білетін азаматтардың қызмет еткеніне қуанамыз. Қанша жырақ жүрсек те, әрдайым туған жерге жүрегіміз бұрып тұрады.

Мемлекетіміз үшін маңызы зор мереке – Конституция күні құтты болсын! Ата Заңымыз халқымыздың қуатты өмірінің, бақытты болашағының кепілі болсын! – деді Болатбек Баймаханов.

Аймақ дамуына сүбелі үлес қосып, аянбай еңбек етіп жүрген бірқатар сала мамандары да мерекелік салтанатта облыстың Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттар иеленді.

Салтанатты жиын рухты жырлармен, мазмұнды музыкалық қойылымдармен сабақтасқан мерекелік концертке ұласып, көрерменге керемет  әсер сыйлады.

Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен  Ә.Әбсадықов (жеке домбырада), Сырдың саңлақ әншілері С.Байсейітова, М.Мақұлбеков, А.Иманжаппаров, Ж.Жүсіпов, А.Бүркітбай, З.Баймырзаева халық әндерін және Л.Хамиди, А.Жұбанов, Н.Тілендиев, Е.Хасанғалиев сынды белгілі қазақ композиторларының әндерін тамылжыта орындап, халықтың қошеметіне бөленді. Оркестрдің дирижері – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Мүсілім Әмзе. Сондай-ақ, халықаралық байқаулардың лауреаты «Томирис» би ансамблі орындаған Абай операсынан халық биі және «Ақмаржан» би тобының орындауындағы «Дәстүр» ұлттық билері өзіндік ерекшелігімен көрермен көңілінен орын алды.

«Өткен күн – тарих, келер күн – сыр, ал бүгінгі күн – үлкен сый» деген екен ұлы ойшыл Қорқыт бабамыз. Шындығында, тарихымыздан тағылым ала отырып, алдағы мақсат-мүддемізді айқындаймыз. Сол секілді осындай айтулы күннің қадірін біліп, тәлімін бойға түйген ләзім.

Ғазиза Әбілда,

«Сыр бойы»

>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<