Аудан тұрғындарын қабылдады

341

0

Бүгін Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға келушілер алаңдатқан маңызды мәселелерді қозғап, өздерінің сауалдарын жолдады.

Тұрғындар тарапынан Әйтеке би кентіндегі жаңадан салынып жатқан 250 орындық мектепке қатысты, Ы.Жақаев көшесіне жарықшам орнату мен асфальт салу және тұрақты жұмысқа орналастыру мәселелері көтерілді.

Аудан басшысы әр тұрғынның сауалдарына заңды түрде жеке-жеке жауап беріп, әрбір мәселеге талқылау жасап, шешу жолдарын қарастырды.

Сондай-ақ, алдағы уақытта тұрғындардың мәселелерін бақылауда ұстайтындығын айтып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар жүктеді.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<