Аудан жаңалықтары

1002

0

Жаздық маусымы қорытындыланды

«Ailaq» жастар ресурстық оралығы және «Арал-Ас» шығармашылық тобының бастамасымен «Ailaq acoustic» жобасы өз бастауын алған болатын.

Аталған жоба жаз бойы қала тұрғындары мен жастарының көңілінен шыға білді. 6 тамыз күні жобаның жаздық қорытынды кеші өтіп, жастарға керемет көңіл күй сыйлады. Кеш соңында жобаға қатысқан барлық белсенді жастар аудан әкімінің орынбасары Б.Жұмағұловтың Алғыс хатымен марапатталды.

Мектептегі ауқымды шара

Қ.Сәтбаев атындағы №216 мектепте «Туған жерге тағзым» акциясы аясында ауқымды шара өтті.

Аудан әкімінің орынбасары Д.Тілеумбетов ізгі лебізін жеткізді. Белсенді азаматтар марапатталды. «Мектепке жол» акциясы аясында 20 оқушыға оқуға қажетті құрал-жабдықтар тарту етілді. Одан бөлек, кіші футбол, қол күрес, гир көтеру, арқан тарту және қой көтеру сайыстарының жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табысталды.

Мерейтой иесіне құрмет

Аудан әкімі Ә.Ерсұлтанов және аудандық мәслихат хатшысы Ә.Қошалақов статистика басқармасының басшысы Кенжебек Таңбаевты қабылдап, 60 жасқа толу мерейтойымен құттықтады.

Кездесуде аудан әкімі мерейтой иесіне ауданның дамуына қосқан үлесін айта отырып, құттықтау хатын табыстады. Қазақы дәстүрге сай иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.

Кәсіби мереке

Аудан әкімі А.Есжанов «Көлік қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне арналған шараға қатысып, сала қызметкерлерін құттықтады.

Олардың ішінде жүргізуші, машинист, аға вокзал кезекшісі, билет кесуші, жүк қабылдап өткізуші, электромонтер және басқа да маман иелері бар. Шарада мәдениет үйі өнерпаздарымен бірге ауданның теміржол саласында қызмет жасайтын қызметкерлер өнер көрсетті.

Сапа бақылауда

Аудан әкімі М.Ергешбаев №36 мектеп-лицейдің жаңа оқу жылына дайындығымен танысты.

Биыл облыстық бюджет есебінен мектеп ауласына брусчатка төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жоба құны – 5 млн теңге. Мердігер мекеме – «Қасиет ЛТД» ЖШС. Аудан басшысы ондағы жұмысшылармен сөйлесіп, жаңа оқу жылына дейін жұмысты сапалы түрде толық аяқтап беру қажет екенін айтты. Аудандық білім бөлімі тарапынан қадағалау болу керектігін бөлім басшысы Б.Жәнібековке тапсырды.

Шаруалар белсенді

Биыл шиелілік шаруалар ерте көктемнен мал азығын қамдауға кірісті.

Былтыр аудандағы 96 мыңнан астам төрт түлік малға 137 700 тонна шөп (оның ішінде жоңышқа 55 966 тонна), 29 200 тонна сабан, 49 900 тонна жем дайындалған болса, биыл оның көлемі 6%-ға артық жиналды. Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Мұрат Әшірбеков биыл шиелілік шаруалар 10 мың гектардан астам аумаққа мал азығына жататын әртүрлі дақылдар еккенін айтады. Оның ішінде жаңа жоңышқа – 3400, ескі жоңышқа – 6800, асқабақ – 150, арпа 60 гектар. Шөп жинау жұмыстары қызу жүруде.

«Эко марафон» өтті

Халықаралық жастар күніне орай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ қолдауымен «Жастар одақтары» ҚБ «Эко марафон» ұйымдастырды.

Ауданның табиғатқа жанашыр жастары Жаңақорған кенті, Ыбырай Алтынсарин шағын ауданында жиналып, көпқабатты тұрғын үйлер арасындағы қоқыстарды тазартты. Белсенділік көрсеткен жастарға ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Дайындаған:

Шынар БЕКБАН,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<