Ауылды ауқымды жобалар түлетеді

280

0

Ақсуат ауылында атқарылып жатқан игі іс көп. Оның дәлелі – биыл округке газ желісі тартылып, тұрғындар көгілдір отынға қосылды. Құны 4,8 млрд. теңгені құрайтын бұл жобаға көпшілік алғысын жаудырды.

Бюджеттің барлық деңгейінен бөлінген 971,9 млн. теңгеге 13 көше орташа жөндеу көрді. Жаңадан 2 аялдама қойылып, жарық бағаналары тартылды және жаяу жүргіншілер жолы салынды.

Инженерлік-инфрақұрылымды дамытуда қосымша құрылыстар жүрді.«Samruk-Kazyna Trust» ӘЖДҚ демеушілігімен 240 млн. теңгеге спорт кешені салынып, пайдалануға берілді. ​Кәсіпкерлер демеушілік жасап, орталық алаңды абаттандырып, көркейту-көгалдандыру шараларына үлесін қосты. Бұдан бөлек, бюджеттен тыс қаражат көздерінен 242 млн. теңгенің жұмыстары атқарылуда.

Бұл кездесуде ақсуаттықтар ауыз судың жайын айтып, қосымша ұңғымалар қазуды сұрады. Аяқ су жетіспеушілігі бойынша да мәселе көтеріп, нақты шаралар қабылдау қажет екендігін жеткізді. Қала әкімі әрбір ұсыныс-тілек ескерусіз қалмайды деді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<